«Маған бәрібір»: Ерболат Құдайберген күтпеген жазба жариялады
Танымал әнші Ерболат Құдайберген желідегі парақшасында видео жариялап, соңғы шуға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде өзіне ұқсайтын адамның наркологиялық орталықта ұсталған видеосы тарап, түрлі әңгімеге себеп болған еді. Осыдан кейін өнер иесі үнсіздігін бұзды.
Әнші жазбасында мотивациялық сипаттағы жолдарды бөлісті:
«Асфальт қала, тас көше, жүреміз ешкімге бас имей,
Бағытым айқын, мақсатым биік, тоқтамаймын, тоқтамаймын, алға қарай!
Қалтада аз ақша, бірақ ойымда үлкен жоспар,
Достар аман болсын, жаулар көбейсін, маған бәрібір, менде бәрі бар.
Таңертең ерте тұрамын, жоспар құрамын,
Жақындарымды ойлап, алға ұмтыламын.
Өмір қиын, иә, бірақ мойыма,
Өз жолыңды тап, өз атыңды шығар!» – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдыруда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
21:19
Павлодарда ер адам автобус жүргізушісін соққыға...
17.11.2026
20:05
«Болашақтың ғылымы туралы әңгіменің құны көк ти...
17.11.2026
19:12
Алматыда жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылм...
17.11.2026
18:38
Ресейлік кәсіпкерлер Kaspi.kz арқылы тауар сату...
17.11.2026
18:04
Мектеп әжетханасында 10-дағы баланың зорланғаны...
17.11.2026
17:36
СҚО-да ер адам өзін өртеп жіберді, мұны көрген ...