Әнші Луина күйеуі Артемнің исламды қабылдағанын айтты

Әнші Луина күйеуі Артемнің исламды қабылдағанын айтты
Фото: Instagram/luinaofficial

Танымал әнші Луина орыс ұлтының өкілі болып табылатын жұбайы Артемнің ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Дина Төлепбергеннің «Din Din Show» бағдарламасына қатысқан Луина күйеуінің шын есімі Әбубәкір екенін және оның 16 жасында исламды қабылдағанын айтты.

«Мен алғаш рет Ораза ұстағанда, ол да менімен бірге ұстады. Мешітке барады. Баламды ұйықтар алдында үш рет "бісмиллә" деп сипаймын. Артем ешқашан бұған қарсы болған емес, керісінше, мені түсінеді», – деді әнші.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу