Әнші Мәдина Сәдуақасова ел алдында масқара болды

01.11.2025 14:06 Мөлдір Талғат
Әнші Мәдина Сәдуақасова ел алдында масқара болды
0
488
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың жанды дауыста орындаған “Махаббат жалыны” атты әнінің бейнежазбасы қызу талқыға түсті.

Астанада өткен шара кезінде әншінің жанды дауыста ән шырқаған сәті жұрттың әртүрлі пікірін тудырды. Көпшілік Мәдинаның орындау шеберлігіне сын айтып, оның дауысы бұрынғыдай әсерлі естілмегенін атап өтті.

Кейбір тыңдармандар “Дауысты жаттықтыру керек, бұлар фонограммаға үйреніп алған. Розадан үлгі алу керек, ол әрдайым жанды дауыста айтады”, – десе, тағы бірі “Дауысы жетпей, қиналып тұр, жұртқа айтқызып жатыр”, “Плюспен айтып үйреніп қалған, дайындық жетіспейді”, “Масқара, ұят болды” деп пікір қалдырды.

Дегенмен, әншінің тыңдармандарының бір бөлігі Мәдинаны қорғап, “Жанды дауыста айту – кез келген әртістің шынайы еңбегі. Техникалық жағдай мен акустика да әсер етуі мүмкін” деген пікір білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий