Әнші Мадина Сәдуақасова ұлына пәтер сыйлады

Әнші Мадина Сәдуақасова ұлына пәтер сыйлады
05.06.2025 19:47
0
257
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұлының туған күніне арналған сыйлықты көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесінің ұлы 10 жасқа толып, бастауыш сыныппен қоштасқан еді. 

“Достар, жақында мен бір адамға пәтер сыйлаймын деп айтқан едім. Сол адамның кім екенін енді айтайын. Ол менің ұлым – Әнуар. Балам Шоқан мектебінде оқиды. Мектепке әкелу үшін алыстан қатынап жүрдік. Бір күні балам мектептің жанынан үй алайықшы дегенді айтты. Таңертең бұл көшеде кептеліс болады. Сол үшін біз мектепке жете алмай, Әнуарды жолдың бойынан тастап кететін едік. Енді міне, жүргіншілер жолынан өтіп келе қояды. 17 маусым ұлымның туған күні. Соған дайындықты бастадық. Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. 12 күннен кейін бітіп, кілтін қолына ұстатамын”, – деді әнші. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий