KeshYou-дің экс-әншіс: Күйзелістен салмағым 59 келі болып кетті
KeshYou тобының бұрынғы әншісі Наргиз Алтайбай салмақ ауытқуына себеп болған психологиялық күйзеліс пен жеке өміріндегі өзгерістер туралы айтты. Өнер иесі депрессиядан қалай шыққанын және қазіргі жеке қарым-қатынасының мән-жайын баяндап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші бұл туралы Kezdesu подкастында әңгімеледі.
«...Арықтап кетемін. Менде 2023 жылы сондай кезең болды, өзім де қатты арықтап кеттім. Қазіргі салмағымнан 8-9 килограмға дейін арықтап кеттім. Ал ол кезде қозғалыстасың ғой: топтасың, ән айтасың, билейсің деген сияқты. Ал бұл жолғы депрессияда мен үйдемін, толдым. 2025 жылдың аяғында, күзге қарай стрессті тамақпен жабасың, сондай нәрсе болып, өзімнің нормамнан бір 3-4 килограмм асып кеттім», — деді Наргиз Алтайбай.
Әнші ішкі реніштерді босатып, өзін қолға алу арқылы артық салмақтан арылғанын жеткізді.
«Қазір салмағым — 53 кг. Мен сол былтыр депрессияда жатқанда 58-59 килограмға дейін кетіп қалдым. Осы былтыр күзде, күз бен қыстың арасында ғой. Сосын осы жыл басталды да, жаңа жыл болатын кезде: «Өз-өзіңді, Наргиз, жина, жинақтал, реніштеріңнің бәрін жібер, ситуацияның бәрін жібер», — деп, қалай сол нәрсенің бәрін ойланып, шешім қабылдадым, солай бірден салмақ тастай бастадым. Осы қаңтар, ақпаннан бастап...»,— деді KeshYou-дің экс-әншісі Наргиз Алтайбай.
Сондай-ақ өнер иесі желіде тараған тұрмысқа шығу туралы сыбыстарға жауап беріп, қазіргі уақытта кіммен қарым-қатынаста екенін нақтылады.
«Бәрі мені «күйеуге шығайын деп жатыр» деп айтады. Енді ол барлық қыздарда бар шығар: сөйлесетін жігіттер, сөз айтатын, әңгіме құрайық, кездесуге шақыратын жігіттер болады. Мен қазір «қарым-қатынастамын» деп айта алмаймын, бірақ таныстық кезеңінде жүрген адам бар деп айта аламын», — деді Наргиз Алтайбай.
Соңғы жаңалықтар