Тоқаев жаңа СІМ басшысына маңызды тапсырмалар жүктеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы сыртқы саясат ведомствосының алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындады.
Президент Қазақстанның ұлттық мүдделерін жүйелі түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны одан әрі дамытуды тапсырды.
Сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударылды. Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігі айтылды.
Кездесуде сондай-ақ Мемлекет басшысының алдағы халықаралық іс-шараларға қатысу кестесі қаралды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...