Әнші Роза Әлқожа діни фанаттардың қысымына тап болғанын мәлімдеді

06.08.2026 15:07 Мөлдір ҚАЙНАР
Әнші Роза Әлқожа діни фанаттардың қысымына тап болғанын мәлімдеді
283
Фото: коллаж politico.kz

Танымал әнші Роза Әлқожа соңғы күндері әсіре діншілдер тарапынан шабуылға ұшырағанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оған Түркістан өңіріндегі тойлардың бірінде "әуен тыңдау күнә" деп заңсыз насихат жүргізген ер адамның темір торға қамалуы себеп болған. Желіде бұл азаматтың тұтқындалуына әншінің тікелей қатысы бар деген айыптаулар тараған.

"Кешеден бері осы мәселе төңірегінде ерегісіп жатырмыз. Біз де иманнан мақұрым емеспіз, Жаратушыдан қорқатын, Аллаға шүкіршілік ететін жандармыз. Менің туған бауырларымның барлығы — бес уақыт құлшылығын қаза қылмайтын азаматтар. Бірақ соған қарамастан, әсіре діншіл қауым бізге қарсы майдан ашып алды", — деп ағынан жарылды әнші.

Өнер иесінің сөзінше, қазіргі уақытта оған "қожа әулетінен шыға тұра, өз діндесіңе қарсы шықтың" деп айып тағатындар көбейген. Әнші өз кезегінде елде заң талаптары бар екенін атап өтті.

"Кімнің шынайы адасып, кімнің тура жолда екенін тек бір Алла ғана көреді. Ал бұл болған жағдай — заң мен қоғамымыздың өз үкімі. Мемлекеттің заңы бәріне ортақ. Ол адам дінді құбыжық етіп көрсетіп, өз сөзінен өзі шатылды", — деп түйіндеді сөзін Роза Әлқожа.

Войдите, чтобы оставить комментарий