Әнші Жігер Ауыпбаев екінші рет шаңырақ көтерді

Әнші Жігер Ауыпбаев екінші рет шаңырақ көтерді
29.04.2025 18:17
0
286
Фото: Видеодан скрин

Танымал қазақстандық әнші Жігер Ауыпбаев үйленіп, ел назарын аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әлеуметтік желіде өнер иесінің тойынан түрлі видеолар таралып жатыр. Жігер Ауыпбаев өзі де Instagram парақшасында тойдың қызықты сәттерімен бөлісіп, жазба қалдырды:

"Мен үшін маңызды күн. Менің парақшамнан алыстамаңыздар! Тойдың қызық сәттерін салып отырамын", – деді ол.

Желі қолданушылары әншіні жарыса құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды. Комментарийлердің арасында:

“Екі жас бақытты болсын!”, “Қалаулымға келген қыз Роза екен”, “Мұса шын ғашық болып еді”, “Жігер, жігіттің сұлтаны, екінші рет көтерген шаңырағы құтты болсын”, - деген жазбалар кездеседі.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев – қазақ эстрадасындағы белгілі есімдердің бірі. Жеке шығармашылығы мен орындау шеберлігі арқылы халықтың сүйіспеншілігіне ие болған әнші үшін бұл өміріндегі жаңа белес болмақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий