Ақбота Керімбекова ұлының тойын есік алдына жасаған

Биыл оразаның алғашқы күні келін түсірген Ақбота Керімбекова ұлы Ақанның тойын жасады. Әнші туған-туыстарының, өнердегі достарының басын қосып, айтулы күнді ерекше өткізген, деп хабарлайды POLITICO.KZ "Той думан" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, ашық аспан астында өткен тойдың ерекшелігі қонақтардың барлығы дерлік бірдей қызыл түсте киініп келген. Эстрада жұлдызы тойды әдеттегідей мейрамханада емес, үйінің есік алдына жасаған.
Әншінің айтуынша, ұлының өміріндегі маңызды күнді ерекше өткізгісі келген.
"Әрбір ата-ананың арманы – балаларының бақытты болғаны. Өмірлеріндегі қуанышты күнді қолдан келгенше әдемі жасағым келді", - дейді Ақбота Керімбекова.
Ал тойдағы неке қию рәсімін әнші Айгүл Иманбаева жүргізген. Айтуынша, құрбысы Ақбота қолқа салған.
"Өмірімде неке қию рәсімін жасаған адам емеспін. Ақбота қолқа салды "Айгүл, өзіңнің кіндік балаң ғой деп", әжептәуір дайындалдым", - дейді актриса.
Өз кезегінде желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, Ақбота Керімбековаға жылы лебіздерін жазып жатыр.
Соңғы жаңалықтар





