Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды

Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды
Ашық дереккөздерден

Түркістан облысында құтқарушылар егін жинау комбайнына аяғы қысылып қалған жасөспірімді босатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 26 қазанында Жетісай ауданының Асықата ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағында орын алған.

Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу жұмыстары кезінде 17 жастағы жасөспірімнің аяғы комбайнның орағына (жатка) қысылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы гидравликалық құралдардың көмегімен зардап шеккен жасөспірімді техника арасынан аман-есен босатып алды.

Құтқару операциясынан кейін жасөспірім шұғыл түрде жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу