«Ақботаға Димаштың өзі ғашық еді»: Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелдері туралы айтты
Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасыған жүргізетін бағдарламада жеке өміріне қатысты бірнеше сауалға ашық жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.
Актердің айтуынша, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен туған балалар қазір оның ата-анасының қолында тәрбиеленіп жатыр.
"Басында Ақботадан туған екі баламыз анасымен бірге тұрды. Бірақ Ақбота жұмысымен көбіне сыртта жүреді, ал күтушімен бір үйде тұру бала үшін қиын. Ондай кезде туған-туыстың мейірімін сезіну оңай емес. Менің анам үш баламды да бағып-қаққан адам. Сол үшін Ақботамен сөйлесіп, ортақ шешімге келдік. Балалар ата-әжесінің, қарындасымның жанында тұрсын дедік. Ақботаның үйі бізге жақын, сол себептен жиі барып тұрады. Бұл жағынан еш қиындық жоқ", – деді актер.
Сұхбат жарияланғаннан кейін желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп, Айдарқұловты сынға алғандар да болды.
Пікір қалдырғандар: "Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді оған", "Балаларды үлкен адамдарға бақтырып қойғаны дұрыс емес, "Бар ауыртпалық ата-әжесіне түсіп отыр", "Балаларды тірі жетім етіп қойған", – деген мазмұнда жазбалар қалдырған.
Соңғы жаңалықтар