Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

17.11.2025 09:43 Мөлдір Талғат
Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
0
411
Фото: instagram/aqmola_pd

Ақмола облысында Целиноград ауданының Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстауға бір тәуліктен аз уақыт қажет болды. Қылмыс жасағаннан кейін ер адам жасырынуға тырысқан, алайда жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске салайық, ауыл тұрғыны пышақ жарақаттарынан көз жұмған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Полиция атап өтті: күдікті заңның барынша қатаң талаптары бойынша жауапқа тартылады. Кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық ешқандай жеңілдіксіз, өте қатаң түрде тоқтатылады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий