Ақмола облысында 14 жастағы қызды қатыгездікпен өлтіріп кетті

Ақмола облысында 14 жастағы қызды қатыгездікпен өлтіріп кетті
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысына қарасты Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыздың пышақ жарақатынан қаза табуы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға анықталған бойда жедел шаралар жүргізіліп, күдіктінің жеке басы белгіленген. Қазір оны ұстау үшін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатқанын айтқан ведомство өкілдері істің ерекше бақылауда екенін атап өтті. Осы ретте полиция:

«Істің тергелуі полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырамыз», — деп мәлімдеді.

Осылайша құқық қорғау органдары қоғамды тыныштық сақтауға және тек расталған ақпаратқа жүгінуге үндеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу