Ақмола облысында 8 жасар қыз көлік астына түсіп мерт болды

08.09.2026 15:12 Мөлдір ҚАЙНАР
Ақмола облысында 8 жасар қыз көлік астына түсіп мерт болды
130
Фото: 1pnz.ru

Макинксте Ақмола облысына қарасты Макинск қаласында шетелдік көліктің астына түскен сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында Мәскеу көшесінде болған. 2018 жылы туған қыз бала белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған сәтте Mercedes көлігі қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бүлдіршін шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың толық мән-жайын анықтауда.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуды тағы да ескертті.

Войдите, чтобы оставить комментарий