Ақмола облысында бұрынғы сыныптасы мектеп оқушысын пышақтап кетті
968
Макинскіде 18 жастағы жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Ақмола облысында жасөспірімге жасалған шабуыл қоғамда алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Макинск қаласында стадионда волейбол ойыны кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бетіне маска киген жас жігіт ойын өтіп жатқан жерге келіп, 11-сынып оқушысының бетіне бұрыш газы сеуіп, оған пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Шабуылдан кейін күдікті оқиға орнынан кетіп қалған.
Зардап шеккен 18 жастағы жергілікті тұрғын ауыр жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті көмек көрсетіп жатыр.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ретінде жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...