Абай облысында әкімшілік сотқа шағымданушылар саны екі есе артты
Биыл 1 шілдеде жаңа Конституцияның күшіне енуі елдегі әкімшілік әділет жүйесінің құрылғанына бес жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Осыдан бес жыл бұрын азаматтар мен бизнестің құқығын қорғауды көздейтін жаңа кодекс қабылданып, Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты өз жұмысын бастаған болатын. Содан бері мемлекеттік органдардың үстінен шағым түсірушілер қатары екі еседен астам көбейді. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылдың алғашқы жартысында сотқа 312 арыз түссе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 822-ге жеткен. Ал биылғы алты айдың өзінде 482 талап қою тіркелді.
Осы уақыт аралығында аталған сот 1113 іс бойынша нақты шешім шығарып, оның 595-ін талап қоюшының пайдасына шешті. Сонымен қатар 380 дау медиациялық жолмен бейбіт түрде аяқталып, 137 жекеше ұйғарым қабылданды. Бұдан бөлек 107 іс аясында заң бұзғандардан 9,6 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...