Ақнәр Гүлстанның өлімі бойынша істе ешкім күдікті деп танылмады
2024 жылдың жазында жетінші қабаттан құлап қаза болған КИМЭП студенті Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша әзірге ешкім күдікті деп танылған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Вице-министрдің айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр. Қазіргі таңда іс өндірістік тергеу бөлімінің қарауында.
Сондай-ақ іс материалдары мен бірқатар сараптама қорытындылары Қытайға жіберілген. Себебі марқұм Ақнәр Гүлстан бұған дейін Қытайда тұрған әрі сол елде білім алған. Қазақстанның құқық қорғау органдары қытайлық тараптың жауабын күтіп отыр.
Айта кетейік, Ақнәр Гүлстан 2024 жылдың жазында жетінші қабаттан құлап қаза тапқан болатын. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, жан-жақты тергеліп келеді
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...