Ақордада емес, Ұлытауда: Қасым-Жомарт Көбейсін жаңа қызметке тағайындалды

30.03.2026 23:33 Арман Ермеков
Ақордада емес, Ұлытауда: Қасым-Жомарт Көбейсін жаңа қызметке тағайындалды
370
Фото: gov.kz

Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаментінде жаңа кадрлық тағайындау өтіп, Қасым-Жомарт Көбейсін мекеменің ресми өкілі қызметіне кірісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол 2001 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша бакалавр мен магистратураны тамамдаған.

Азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолын 2024 жылдың қараша айында бастаған жас маман осы уақытқа дейін департаменттің имидждік жұмыстар тобында баспасөз хатшысы міндетін атқарып келді.

Бұған дейінгі қызметінде ол бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып, төтенше жағдайлар кезінде халыққа қажетті мәліметтерді таратумен айналысқан.

«Жаңа лауазымда Қасым-Жомарт Көбейсін азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты одан әрі жетілдіруге, төтенше жағдайлар кезінде халықты жедел әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге және қоғаммен тиімді коммуникацияны нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады деп күтілуде», – деп хабарлады ведомство.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий