АҚШ Украинаға Ресей жерін ұзақ қашықтықтағы қарумен соққы жасауға ресми рұқсат берді
АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейге алыс қашықтықтағы зымырандармен соққы беруге рұқсатты растады, деп хабарлайды The Bell.
Бір тәуліктен астам бейресми ақпараттан кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысының батыс жарты шар істері жөніндегі көмекшісі Брайан Николс Бразилия басылымына берген сұхбатында Ресейдің "ескі" территориясына Украинаның зымыран соққыларына жасауға болатынын растады.
"Президент Байден Украинаға пайдалануға рұқсат берген қару-жарақ оған өзін қауіпсіз қорғауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек Ресейге Украина территориясын күшпен басып алуын сәтті болмайтынын және келіссөздерді бастаған дұрыс екенін ұқтырып, Украина территориясынан кеткені дұрыс екенін түсінуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деді Николс.
Айта кетейік, OGlobo сұрағы келесідей болған еді: "Жексенбіде АҚШ Украинаның алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануына рұқсат берді. Бұл соғыстың одан әрі өршуіне әкелмейді ме?»
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
13:31
Маңғыстауда ұсталған екі шенеунік қамауға алынды
26.10.2026
13:22
Қазақстанда туған рэпер жазатайым оқиғадан кейі...
26.10.2026
13:10
Қызылордада жас жігітті өлтіріп кеткен: әпкесі ...
26.10.2026
12:15
Валюта айырбастаушыларды өлтіріп, мәйіттерін ау...
26.10.2026
11:52
Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша бөлі...
26.10.2026
11:46
Қазақстандықтардың тамаққа қанша жұмсайтыны жән...