АҚШ-та екі қазақстандық азамат есірткі тасымалдады деген күдікпен қамауға алынды

АҚШ-та екі қазақстандық азамат есірткі тасымалдады деген күдікпен қамауға алынды
20.10.2025 15:06
0
364
Фото: facebook.com/sheriffchamberstx

АҚШ-та Қазақстанның тумасы болуы мүмкін екі ер адам ірі көлемде кокаин тасымалдады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Tengrinews.kz Чемберс округінің шериф кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.
Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың 27 қыркүйегінде арнайы тергеу бөлімшесі Есірткімен күрес басқармасымен бірге I-10 автомагистральінде автовозды тексеру үшін тоқтатқан. «Сигма» атты қызметтік ит белгі бергеннен кейін, құқық қорғаушылар көліктің құрылымының ішінен 35 келі кокаин тапқан.
Ұсталғандар - Нью-Йорктен келген Нұрсұлтан Мұқтарали және Пенсильвания штатынан Мұхит Дәнибеков. Екеуіне де аса ірі көлемде есірткі сақтау бабы бойынша бірінші дәрежелі қылмыс айыбы тағылған. Олар Чемберс округінің түрмесіне қамауға алынған.
Осы уақытта ұсталғандардың бірі Мұхиттің ағасы Жомарт Дәнибеков олардың кінәсіз екенін айтып, үндеу жариялады. Оның сөзінше, Мұхит пен әріптесі Нұрсұлтан жүк тасушы болып жұмыс істейді және олардың көліктегі есірткіден хабары болмаған.
Жомарттың айтуынша, ұсталғандардың отбасылары кепіл мен адвокатқа қаражат жинап жатыр. Әрқайсысына белгіленген кепіл сомасы – 200 мың доллар (шамамен 107,8 миллион теңге).

«Олар Америкаға адал еңбек ету үшін барған, өзгенің қылмысы үшін зардап шегу үшін емес. Ағамның үш кішкентай баласы бар, ал әйелі ауыр науқас. Біз барлық бейжай қарамайтын адамдардан көмек сұраймыз», – деп жазды Жомарт Дәнибеков.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий