Ақтау маңында әскери ұшақ пен дрон байқалды: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
11 тамыз кешке Маңғыстау облысының тұрғындары Ақтау маңындағы аспанда Су-27 әскери ұшағын байқаған, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Lada.kz-ке сілтемемен.
Сол күні Ақшұқыр ауылының үстінен де ұшқышсыз ұшу аппараты көрінген. Куәгерлердің айтуынша, дрон әуежай жақтан Ақтау бағытына қарай ұшқан.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл жағдай тамыз-қыркүйек айларында өтіп жатқан «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуымен байланысты.
Оқу-жаттығуға дайындық аясында әскери техника, қару-жарақ пен жеке құрам арнайы дайындық жүргізілетін аймақтарға жеткізілуде. Әскерилер теміржол, автомобиль жолдары және армиялық авиация арқылы тасымалданады.
Министрлік оқу-жаттығулар Қазақстанның барлық аумағындағы полигондарды қамтитынын атап өтті. Әскери қызметшілер құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте әскерлерді қолдану мен өзара іс-қимылды пысықтайды.
Ведомство тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сүйенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.
Соңғы жаңалықтар