Ақтауда марқұм депутат пластикалық отаға жүгінген клиникадан қандай заңбұзушылықтар анықталды?

02.06.2026 12:16 Әсел МҰРАТ
Ақтауда марқұм депутат пластикалық отаға жүгінген клиникадан қандай заңбұзушылықтар анықталды?
160
Фото: коллаж politico.kz

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өлімінен кейін пластикалық отаға жүгінген жеке клиникаға жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Politico.kz. 

Бұл туралы редакциямызға медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, пациенттің туыстарының шағымы бойынша «Қасиет» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру 2026 жылдың 29 сәуірі мен 15 мамыры аралығында тәуелсіз бейінді сарапшылардың (пластикалық хирург, анестезиолог-реаниматологтың) қатысуымен жүргізілді.

«Тексеру қорытындысы бойынша пациентті жоспарлы хирургиялық араласуға дайындау және медициналық көмекті ұйымдастыру бөлігінде медициналық көмек көрсету стандартының бұзушылықтары анықталды. Тексеру материалдары әрі қарай құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жолданды», - делінген департаменттің редакциямызға берген жауабында.

Еске салайық, бұған дейін Ербол Айтуов Ақтаудағы жеке клиникада липосакция отасынан кейін ауыр халге түсіп, комаға түскені, кейінірек қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Марқұмның отбаcы мен адвокаты клиника қызметкерлерінің ғана емес, тергеу органдарының әрекетіне де күмән келтіріп отыр. Кейіннен пластикалық отадан кейін қайтыс болған депутат ісінде жаңа деректер шыққан болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий