Ақтауда оқушылар 13 жасар қызды зорлап кеткен: күдіктілер бостандықта

24.12.2025 13:02 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Ақтауда оқушылар 13 жасар қызды зорлап кеткен: күдіктілер бостандықта
0
108
Фото: ашық дереккөз

Ақтауда 13 жасар қызды зорлап, оны қинаған. Алайда, оған кінәлілер әлі жауапқа алынбаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы “Не молчи” қоры жазды.

2024 жылдың қыркүйек айында 13 жасар қызды мектептен кейін құрылыс аймағына алып кеткен. Қызды зорлаған, оның интимді жерлеріне шылым тыққан, ішіне секірген, ұрып-соққан. Одан кейін оның барлығын телефонға түсіріп алған.

Бұл жағдай бірнеше рет қайталанып, оқушы қыз тіпті депрессияға ұшыраған. Кейін барлық жағдайды анасына айтып берген.

Қордың жазуы бойынша, анасы қыркүйек айында полицияға арыз жазған, әлі күнге дейін күдіктілерден тіпті жауап алынбаған.

"Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген түсініктемеде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий