Ақтауда оқушыны ұрып видеоға түсіргендердің үстінен іс қозғалды
Ақтауда екі жасөспірім дүкенге шыққан 14 жастағы баланы ұрып-соғып, бұл әрекеттерін оның досын қорқыту мақсатында бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, екі бала дүкенге бет алған оқушыны аңдып тұрып, одан досын далаға шақыруды талап еткен. Жасөспірім бұл талаптан бас тартқан кезде олар оны соққыға жығып, барлық процесті жәбірленушінің өз телефонына түсіріп алған. Одан кейін бейнежазбаны көздеген адамға жіберіп, егер далаға шықпаса оның да таяқ жейтінін ескертіп хабарлама жазған.
«Адамдар тобы жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде сараланады және ол үшін заңнамада қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қақтығыстың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді және қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды, ал жиналған материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жолданды», – деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция пепартаментінен тілшімізге.
Соңғы жаңалықтар