"Жертва" болудан ұяламын": Дана Нұржігіт тағы бір шындықтың бетін ашты

Фото: әлеуметтік желі

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде отбасылық қарым-қатынас пен зәбір көру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Тележурналист жеке парақшасында отбасында қиянат көріп жүрсе де, оны ашық айтуға қысылатын жандарға қарата үндеу жасады. Оның сөзінше, озбырлық жасайтын адамдар қарсы тараптың ұятын әлсіз тұс ретінде пайдаланады.

«Тағы да "жертва" болудан ұяламын (құрбан, потерпевшая, жәбірленуші болудан) дейтіндерге айтарым: сізге қорлық жасап жатқан адам сіздің ұятыңыздың барын (әлсіз тұсыңыз, "ұятты жеріңіз") барын біле тұра қиянат жасайды. Өйткені өзі ұяттан жұрдай! Сондықтан да ондай қаскүнемді ашық күресіп қана жеңесіз. Есіңізде болсын!», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл жазбаны жүргізушінің бұрынғы жұбайына қатысты айтқан сөзі деп топшылап, түрлі пікір қалдырды.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт бірінші жұбайы Владимир Рерихпен ажырасқаннан кейін екінші рет тұрмыс құрған болатын. Алайда кейін бұл некесі де сәтсіз аяқталып, тележүргізуші екінші күйеуімен де екіге кеткен еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу