Ақтауда полицей аулада 1,5 жасар сәбиді қағып өлтірді

14.05.2026 10:36 Әсел Мұрат
Ақтауда полицей аулада 1,5 жасар сәбиді қағып өлтірді
261
Фото: © Абзал Бахытжанов / Politico.kz

13 мамырда Ақтауда 27-ші шағын ауданында қайғылы оқиға болды. Жол талғамайтын көлік кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, ол оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік автокөлікті құқық қорғау органының қызметкері басқарған. Ол 27-шағын аудандағы тұрғын үйдің маңындағы жолда бір жарым жастағы баланы қағып кеткен. 

Салдарынан сәби есін жимастан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Маңғыстау облысының полиция департаменті қаза тапқан баланың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ ведомство басшылығы бұл істі ерекше бақылауға алды.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий