Ақтауда түзету орталығында терезеден құлаған 8 жастағы бала көз жұмды
Ақтаудағы түзету орталықтарының бірінде болған қайғылы оқиға қоғамның қызу талқысына түсті. Туыстарының айтуынша, үш бала ересектердің қарауынсыз қалған кезде оқыс жағдай орын алған, деп хабарлайды Politico.kz.
Сол сәтте балалардың бірі терезені ашып, сыртқа ұшып кеткен шарды алмақ болған. Оған көмектеспек болған 8 жастағы Нұрали абайсызда үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Ауыр жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірі үшін екі ай бойы күрескенімен, өкінішке қарай, Нұрали қайтыс болды. Белгілі болғандай, оның ІІІ топтағы мүгедектігі болған.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның жақындары терезелердің неге арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықталмағанын анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Қазір қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы тергеліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...