Ақтауда жасөспірімдер төбелесінің видеосы тарады: Полиция мәлімдеме жасады

18.07.2026 10:05 Қарақат АСЫЛОВА
Ақтауда жасөспірімдер төбелесінің видеосы тарады: Полиция мәлімдеме жасады
245
Видеодан кадр

Ақтауда №7 мектептің маңында жасөспірімдер арасында болған төбелеске байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Lada.kz-ке сілтемемен.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада бірнеше жасөспірімнің жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласқаны көрінеді. Кадрларда бір жасөспірімнің екіншісін кеуде және іш тұсынан ұрғаны байқалады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру және профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде жанжалға қатысқан жасөспірімдердің жеке басын анықтап, оларды заңды өкілдерімен бірге полиция басқармасына жеткізген.

Анықталғандай, олардың арасында туындаған сөзге келіспеушілік кейін бұзақылық сипатындағы әрекетке ұласқан. Оқиға кезінде өзге де кәмелетке толмағандар жанында болып, болған жайтты бақылап тұрған.

Полиция кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігі (баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамау) және 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылғанын хабарлады. Жалпы айыппұл көлемі 12 айлық есептік көрсеткішті, яғни 51 900 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы болуы мүмкін басқа да жасөспірімдерді анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий