Ақтөбе облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті (ВИДЕО)
1105
Ақтөбеде қоғамдық тамақтану орнында газ құрылғысы жарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
19 қаңтар күні сағат шамамен 17:45-те Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану нысанында ыстық сумен жабдықтауға арналған газ жабдығы жарылған.
Жазатайым оқиға салдарынан ғимараттың шамамен 80 шаршы метр аумағындағы құрылымы қираған. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Газдың жарылуынан 5 адам зардап шекті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Хромтау аудандық ауруханасына әртүрлі дәрежеде күйік жарақаттарын алған бес науқас жеткізілді. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде, ал төртеуі травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.Жағдай тұрақты бақылауда, емдеу шаралары жүргізілуде.
Науқастарға медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
10:09
Тамағын қоқыстан тапқан: БҚО-да 10 жастағы бала...
05.10.2026
09:43
Таразда 24 жастағы жігітті өлтірді деген күдікт...
05.10.2026
09:29
Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аяқ ас...
05.10.2026
09:15
Параға планшет пен пеш: Астанада білім саласыны...
05.10.2026
09:05
«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер ...
05.10.2026
08:43
«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин...