Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аяқ астынан тексере бастады

05.10.2026 • 09:29 Әсел МҰРАТ
Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аяқ астынан тексере бастады
362
Фото: видеодан скрин

Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуымен және әскери қызметшілердің орналасу жағдайымен танысқан. 

Тексеру кезінде казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударылған.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілген.

Каспийде 14 сарбаз қаза болған соң президент қорғаныс министрін ауыстырған еді. Бұл қызметке Тоқаев Айдос Мырзахметовті тағайындады.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий