«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин туралы сөзін тағы түсіндірді
443
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинге берген бағасы Кремльде тағы сөз болды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай пікірді саяси көрегендігі бар, ұстанымы берік әрі дәйекті саясаткер ғана айта алады деп мәлімдеді, – деп хабарлайды Politico.kz.
«Президент Тоқаев – саяси ықпалы өте зор, мүмкіндігі мол адам. Болашақты саяси тұрғыдан болжай алатын, ұстанымы берік әрі дәйекті адамдар ғана мұндай сөздерді айта алады. Басқалар айта алмайды», деді Песков.
Еске салайық, 29 қыркүйекте Германияға сапары кезінде канцлер Фридрих Мерцпен келіссөзден кейін Тоқаев Путинмен жақсы қарым-қатынаста екенін айтып, оны «көрнекті мемлекет қайраткері» деп атаған. Қазақстан президенті Ресей басшысын Қазақстан, Орталық Азия, Еуропа және бүкіл әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп санайтынын да мәлімдеген.
Песков Тоқаевтың осы сөздеріне қыркүйектің соңында да пікір білдірген еді.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
09:43
Таразда 24 жастағы жігітті өлтірді деген күдікт...
05.10.2026
09:29
Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аяқ ас...
05.10.2026
09:15
Параға планшет пен пеш: Астанада білім саласыны...
05.10.2026
09:05
«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер ...
05.10.2026
08:43
«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин...
05.10.2026
08:28
«Қасымда болуы тиіс бауырларым енді жоқ»: Каспи...