«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер иелерінің жасандылығы туралы айтты

05.10.2026 • 09:05 Мөлдір ҚАЙНАР
«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер иелерінің жасандылығы туралы айтты
347
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Роза Әлқожа сахна жұлдыздарының көпшілікке көріне бермейтін шынайы тұрмысы, жасандылықтан шаршаған қоғам туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында көптеген әншілердің әлеуметтік желіде өмірдің тек жылтырақ тұсын көрсететінін, шын мәнінде қарыз бен несиеге белшеден батып жүргенін жасырмады:

«Көбісі әншілерді концерттен көп ақша табады деп ойлайды. Жалпы біз баймыз, бірақ ақша мен дүние жағынан емес. Алла Тағала жұрттың бәріне ақындық пен сазгерлікті бере бермейді, сол жағынан ғана баймыз. Әйтпесе несиеден несиеге өтіп жүргенімізді ешкім білмейді. Мен кредитсіз өмір сүре алмаймын. Біз ашылып сұхбат бермейміз, көбіне өтірік айтамыз. Керемет бақытты отбасы болып көрінуге тырысып, тек жылтыраған жағын жариялаймыз, себебі жұрттың бәріне ұнағымыз келеді», — деді әнші.

Сондай-ақ ол адамзат жасандылықтан шаршағанын жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий