Ақтөбеде әріптесін пышықтап өлтірген теміржолшыға сот үкімі шықты

28.03.2026 16:30 Қарақат АСЫЛОВА
Ақтөбеде әріптесін пышықтап өлтірген теміржолшыға сот үкімі шықты
286
Пойыздағы жанжал өліммен аяқталды

Өткен күзде «Ақтөбе–Алматы» бағытындағы №24 жолаушылар пойызында болған қылмысқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматылық іссапарға шыққан екі ер адам вагон-ресторанда жанжалдасып қалған. Оларды ажыратуға үшінші адам араласып, бірін 13-вагонға, екіншісін 11-вагонға апармақ болған.

Алайда 10-вагонның тамбурында олардың арасында жанжал қайта өршіген. Үшінші адам көмек шақыруға кеткен сәтте, Кандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясының электромеханигі әріптесіне пышақпен үш рет соққы жасаған. Алған жарақаттарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның денесі Шалқар станциясында медицина қызметкерлеріне тапсырылса, күдіктіні полиция ұстап әкеткен. Кейін қан іздері бар пышақты Шиелі станциясында тазалықшы тауып, тәртіп сақшыларына өткізген.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Оның айтуынша, жанжалдан кейін әріптесінен кешірім сұрамақ болған, алайда сөз қайта шиеленісіп кеткен.

Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге моральдық шығын өндіру міндеттелді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий