Ақтөбеде Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанның емшіге қарсы шағымы сотта біріктіріліп қаралады
358
Ақтөбе облысының мамандандырылған әкімшілік сотында продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанның емшіге қатысты шағымдары біріктіріліп қаралатын болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы журналист Ардақ Ерубаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Судья Анар Айтжанов төрағалық ететін сот отырысында емшіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі («Жала жабу») бойынша іс қаралуда.
Журналистің мәліметінше, емшінің кінәсі дәлелденсе, оған 778 500 теңге айыппұл салынуы немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Келесі сот отырысы 12 тамыз күні сағат 16:00-ге белгіленген.
Сондай-ақ Ардақ Ерубаева аталған емшіге қатысты қылмыстық істің Астана қаласының сотында да қаралып жатқанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
06.08.2026
18:38
Бекболат Тілеухан: Анам қайтқан соң, бес жылдай...
06.08.2026
18:33
Қайсар Қамза 7 жылға сотталып кетуі мүмкін: бло...
06.08.2026
18:17
«Қазақтелекомда» екі күнде екі қызметкер қаза т...
06.08.2026
18:10
Назарбаевтың немересінің бұрынғы активі Турловт...
06.08.2026
17:28
Ақтөбеде Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанның ем...
06.08.2026
17:27
«Намазды арабтар сияқты оқымаймын. Уахабист ем...