Ақтөбеде лудоман мұғалім оқушыларының ата-аналарын алдап кеткен

13.03.2026 16:29 Мөлдір Талғат
Ақтөбеде лудоман мұғалім оқушыларының ата-аналарын алдап кеткен
10
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе қаласында жеке оқу орталығында жұмыс істеген математика пәнінің мұғалімі оқушыларының ата-аналарын алдап, ірі көлемде ақша алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәліметке сәйкес, педагог орта буын оқушыларын Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Білім Инновация» лицей-интернатына түсуге дайындап жүрген. Бір күні ол төрт оқушының ата-анасына балаларын басқа мектепке, соның ішінде НЗМ-ге ауыстыруға көмектесетінін айтып, ірі көлемде ақша сұраған.

Баласының болашағы үшін ата-аналар мұғалімнің ұсынысына келісіп, қажетті соманы берген. Алайда көп ұзамай олар ұстаздың уәдесі жалған екенін түсінген.

Сотта мұғалім тағылған айыпты мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұраған. Тергеу барысында оның құмар ойындарға тәуелді екені анықталып, алынған ақшаны онлайн-букмекерлік ставкаларға жұмсағаны белгілі болды.

Ата-аналардың екеуі мұғаліммен татуласып, ол оларға 3,3 миллион теңгені қайтарғаннан кейін іс тоқтатылған. Ал қалған екі ата-ана соттан оны бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Олар берген 3,2 миллион теңге де толық қайтарылған.

Нәтижесінде Ақтөбе қаласының №2 соты 40 жастағы педагогты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий