Ақтөбеде мектеп оқушысы жүкті болып қалды: Полиция қылмыстық іс қозғады

27.02.2026 19:49 Қарақат АСЫЛОВА
Ақтөбеде мектеп оқушысы жүкті болып қалды: Полиция қылмыстық іс қозғады
480
Ашық дереккөздерден
Ақтөбеде тергеу басталды

Ақтөбе облысында мектеп оқушысының жүкті болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған мектеп оқушысының жүкті болу дерегіне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы өңірлік құзырлы органдар мәлімдеді.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиға Темір ауданындағы мектептердің бірінде тіркелген болуы мүмкін деген хабар тараған. Алайда аталған білім беру мекемесінің директоры мұндай жағдай болмағанын айтқан.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аталған оқушы қазіргі уақытта сабаққа қатыспай отыр. Ол толыққанды, жағдайы жақсы отбасынан шыққан және оқу үлгерімі жақсы болған.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті бұл факт бойынша кәмелетке толмаған тұрғынға қатысты жыныстық қатынас жасау дерегімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта заңда көзделген барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілген.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етіледі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий