ҚР Сыртқы істер министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Иранға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасы төңірегіндегі ахуалдың ушығуына байланысты ресми мәлімдеме жасап, ел азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты қазақстандықтарға Иранға сапарлауды уақытша кейінге қалдыру ұсынылады. Ал қазір Иран аумағында жүрген азаматтарға елден кету мүмкіндігін қарастыру, барынша сақ болу, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау және ресми ақпарат көздерін тұрақты түрде қадағалау ескертілді.
Сонымен қатар министрлік Таяу Шығыс елдеріне сапар жоспарлаған азаматтарды жағдайдың күрт өзгеру қаупін ескере отырып, шешімді байыппен қабылдауға шақырды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Ирандағы Қазақстан азаматтары мен олардың туыстары арнайы байланыс желісіне хабарласа алады:
Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қаласы):
+98 21 2256 5933 (кезекші)
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp)
Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус ауданы, Хедаят көшесі, 83-үй.
Соңғы жаңалықтар