Ақтөбеде ҰҚК қызмекерінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Ақтөбеде ҰҚК қызмекері бопсалады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz hronika.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған ақпарат бойынша, облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҰҚК қызметкерін қылмыс үстінде ұстады.
Онда комитет қызметкері өзінің кәмелетке толмаған туысының ересек ер адаммен кездесіп, интимдік қатынаста болғанын білгені айтылған.
Бұған ашуланған барлау қызметкері істі полицияға жеткізбеу үшін «өтемақы» ретінде әлгі азаматтан пәтерінің құжаттарын талап еткен.
«Әлгі күдікті» бұл талаптарға келіскен. Алайда пәтер құжаттарын ҰҚК қызметкеріне беру кезінде соңғысын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қолға түсірді», - делінген дереккөзде.
Енді полиция сондай-ақ ҰҚК қызметкері үнсіз қалу үшін пәтерін бопсалаған адамның шынымен де кәмелетке толмаған қызбен интимдік қатынаста болған-болмағанын тексеретін болады.
Істің рас-өтірігін анықтап, мән-жайды білу үшін ішкі істер министрлігіне сауал жолдадық.
Соңғы жаңалықтар