Ақтөбелік әйел көлігін сатып алғысы келген адаммен кездесемін деп мерт болды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пайда табу мақсатында кісі өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты іс қаралды.
Күдікті У. жәбірленуші С.-ны көлікте жүргізушінің қауіпсіздік белдігімен тұншықтырған. Сөйтіп ол жәбірленушіні өлітіріп, оның 150 мың теңге тұратын алтын алқасы мен Toyota Camry автокөлігін иемденген. Күдікті жәбірленуші С.-ның жеке басын анықтауды қиындату үшін оның бетін пышақпен тіліп, мәйітін ауылдық жолдың жанындағы бұталар арасына тастап кеткен.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тінту және қарау хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және алынған заттай дәлелдемелермен расталды.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сонымен, сот полиция департаментінің басшылығына тиісті шара қолдану үшін жекеше қаулы шығарды, – делінген сот хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...