"Ақыл айтып қоймадыңыздар": Айтыскер Сара Тоқтамысова сынның астында қалды
Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова әлеуметтік желіде айтқан кеңесі үшін сынның астында қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақын өз парақшасында қарыздан құтылып, береке-несібесі артсын деген адамдарға арнайы кеңес берген. Ол Алланың «Әл-Муғни», «Әл-Уаххаб», «Әр-Раззақ» есімдерін айтып жүруге шақырып, жазбасын «Қарыздан құтылып, ризық-несібесі артсын деген жанға жіберіңіз» деп бөліскен.
Алайда бұл пікір желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды. Бірі айтыскердің сөзін қолдап жатса, енді бірі оның кеңесіне күмәнмен қарап, сын айтты.
Кейбір пікірлерде: «Қарызға кірмес бұрын адам ойлануы керек. Алдымен еңбек етіп, табыс табудың жолын іздеу қажет», «Үнемшілдік пен есеп болуы тиіс. Жай ғана дұға оқығаннан бәрі шешіле салмайды», «Құран сөздерін бұлай пайдалануға болмайды», «Сіздер де ақыл айтып қоймадыңыздар ғой» деген секілді жазбалар қалдырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...