«Ақынға тиіспеңдер, ол тентек болуы керек»: Актер Алмат Сақатов Мақсат Ақановқа араша түсті

17.09.2026 10:33 Мөлдір ҚАЙНАР
«Ақынға тиіспеңдер, ол тентек болуы керек»: Актер Алмат Сақатов Мақсат Ақановқа араша түсті
208
Фото: коллаж politico.kz

Белгілі актер әрі әзілкеш Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялап, көпшіліктің сынына ұшыраған айтыскер ақын Мақсат Ақановты ашық қолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бір қателік үшін адамды жаппай қаралаудың дұрыс еместігін айтып, елді ақынға орынсыз тиісіп, ауыр сөздер жазбауға шақырды.

«Ақынға тиіспеңдер! Ақын тентек болуы керек. Ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып жамбасына дейін жыртып жатырсыздар. Мақсат, сен сүріндім деп ойлама. Сен кімнің кім екенін осы күндері біліп алдың», – деп ағынан жарылды актер.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Мақсат Ақановтың айтыс сахнасында айтқан кейбір сөздері түсірілген видеолар тарап, қоғамда үлкен дау мен қызу пікірталас туғызған болатын. Көпшілік ақынның ой-пікірін біржақты қабылдап, оған түрлі сын айтып жатқан еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий