Әр турист Джей Ло концерті үшін Қазақстанда мың доллар қалдырған – Қаржы министрі

Әр турист Джей Ло концерті үшін Қазақстанда мың доллар қалдырған – Қаржы министрі
13.08.2025 16:05
0
366
Сурет Arisha.uz

Астана мен Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концерттеріне келген әрбір шетелдік турист Қазақстан экономикасына орта есеппен 1000 доллар көлемінде қаржы қалдырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, әйгілі әншінің концертін тамашалау үшін Астанаға 5 мыңнан астам, ал Алматыға 7 мыңға жуық турист арнайы келген. Бұл сандар тек басқа қалалар мен шет мемлекеттерден келген қонақтарды қамтиды.

«Әрбір турист орта есеппен 1000 доллардай қаржы жұмсайды. Бұл сомаға олардың қонақүйде тұруы, тамақтануы, көлік шығындары және басқа да қызметтер кіреді. Біз қонақүйлердің толы болғанын, кассалық чектер арқылы сауда айналымының қалай артқанын байқадық», – деді Мәди Такиев.

Ол концерттерден түскен жалпы табыстың нақты сомасы әлі есептелмегенін, бірақ алғашқы көрсеткіштердің өзі іс-шараның ел экономикасы үшін тиімді болғанын көрсетіп отырғанын атап өтті. Мұндай ірі мәдени іс-шаралар шағын және орта бизнестің, әсіресе қонақүй, мейрамхана және такси қызметтерінің дамуына үлкен серпін беретінін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий