"Араққа тойып алған": Баян Мақсатқызы бір сұмдықтың бетін ашты

19.01.2026 16:51 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
586
Фото: ашық дереккөз

Продюсер әрі тележүргізуші Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі ерекше кезеңдердің бірін еске алып, оқырмандарымен ой бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі Алматыда өткен алғашқы Вена балына тоқталып, сол кештің өзіне ұмытылмас әсер қалдырғанын жазды.

«Алматыда өткен алғашқы Вена балы әлі есімде. Ол кезде мен 36 жаста едім — жас, сұлу, өз-өзіме сенімді кезім. Баланы бірге жүргізген әріптесім — Святослав Бэлза. Кеш өте әдемі өтті, тек шамадан тыс ішіп алған кейбір бизнесмендер болмаса… Олардың әрекеті тіпті маған ыңғайсыз көрінді», – деп еске алады ол.

Баян Мақсатқызы бұл кештің өзі үшін маңызды тағы бір себепке ұласқанын айтады. Сол сәтті пайдаланып, ол белгілі тележүргізушіні келесі күні өз бағдарламасына тікелей эфирге қонақ ретінде шақырған.

«Эфир бір сағатқа созылды. Жай ғана жағымды әңгіме болды. Не туралы сөйлескеніміз де есімде қалмапты. Бірақ эфирден кейін Святослав кенеттен күтпеген ұсыныс жасады», – дейді тележүргізуші.

Баянның айтуынша, әріптесі оны Мәскеуге шақырып, «Культура» арнасында жұмыс істеуді ұсынған.

«Сіз Мәскеуге көшуді ойламайсыз ба? Сізді біздің арнаға шақырамын. Сөзіңіз, дикцияңыз керемет, өзіңіз де сұлу әрі кәсіби жүргізушісіз. Көрерменнің сүйіктісіне айналатыныңызға сенімдімін. Пәтерді жалдаймыз, жалақы — үш мың доллар», – деген екен ол.

Алайда Баян Мақсатқызы бұл ұсынысқа бірден іштей дайын жауап бергенін жасырмады.

«Ол сөзін аяқтамай жатып-ақ, мен өз жауабымды білдім — жоқ. Мен әрдайым білгенмін және қазір де білемін: менің орным — өз Отанымда. Мен осы жерде, өз жолыммен келе жатырмын. Бұл жол — мазмұнды, қызық, шығармашылыққа, адамдар мен жобаларға толы. Мен — бақыттымын, өйткені өз ісіммен айналысып жүрмін», – деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий