"Арба сүйреп, жүк тасыдым": Ернар Айдар жастық шағын еске алды
Танымал әнші Ернар Айдар жастық шағындағы Тараз қаласындағы көк базардағы күндерін сағынышпен еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Instagram желісіндегі Taraz History парақшасында 2009 жылы түсірілген Тараздың әйгілі көк базарынан архивтік бейнежазба жарияланды. Кадрлар қала тұрғындарының жүрегін елжіретіп, көпшілікті өткен шаққа жетеледі.
Желі қолданушыларының пікірлері арасында Ернар Айдардың жазбасы да ерекше назар аудартты. Өнер иесі бұл базардың өз өмірінде айрықша орны бар екенін атап өтті.
«Тамаша естелік екен. Бұл базар мен үшін ең жылы, ең берекелі мекен. Көп дүние көз алдыма қайта келді. Видео авторына үлкен алғыс», – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ернар Айдар бұған дейінгі сұхбаттарында жастық шағында дәл осы көк базарда жүк тасып, арба айдағанын бірнеше рет айтқан еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...