Арбаға таңылған мүгедек жігітті соққыға жықты деген күдікпен қоғам белсендісі ұсталды
828
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында арбаға таңылған мүгедек жігітті ұрып-соғып, қорлық көрсетті деген күдікпен қоғам белсендісі ұсталды. Оны қазір тәртіп сақшылары тергеп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
Видеодан қоғам белсендісінің бөлме ішінде бір әйелмен ұрысып жатқаны байқалады. Ашуға булыққан азамат кейін жейдесі мен шалбарын шешіп, арбаға таңылған азаматты төсекке жатқызады. Көп ұзамай бетінен шапалақпен тоқтаусыз ұрады. Соққыға жығылған мүмкіндігі шектеулі жан айғайлап, қарсыласқанымен күші жетпейді. Кейін ер адам жәбірленушіні тағы қинайды. Оның сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен-көрсетпегені әзірге белгісіз.
Ішкі Істер органдарының өкілдері жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады