"Әркімнің өз шындығы бар": Алтынай Жорабаева танымал тұлғаларды сынайтындарға жауап берді
3111
Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева танымал тұлғаларды сынға алып, олардың өмірі мен әр іс-әрекетттеріне айып тағатындарға жауап берді,-деп хабарлайды politico.kz
Жорабаева жұлдыздардың жеке өмірін талқылап, орынсыз сын айтатындарға үндеу жасады. Өнер иесі әркім өмірі үшін тек өзі ғана жауап беретінін жеткізді. Ол біреудің өміріне және жеке шаруасына айып тағуға ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты."Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ, ақиқатын Алла ғана біледі. Блогер болсын, имам болсын, психолог-коуч болсын, әнші болсын, шенеунік болсын, жабық киінгені болсын, ашық киінгені болсын, орамалдағы болсын, жалаңбасы болсын , ішімдік ішетіні болсын, тақуасы болсын, ешқайсы ешкімнің өміріне, жеке шаруасына, өмірлік ұстанымына айып тағуға құқығы жоқ! Сын айтуға, пікір білдіруге әр адам құқылы. Бірақ соның өзінде сын айтатындай қаншалықты мінсіз? Өз стандартыңызбен басқадан ештеңе талап етпеңіз! Әркім өміріндегі іс-әрекетіне өзі ғана жауап береді", - деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
11:39
«Шу да, митинг те болмады»: Алматыда Ленин еске...
23.09.2026
11:37
Қазақмыс Жезқазғандағы кеншілерге заманауи жағд...
23.09.2026
11:14
«Басымнан тәж көргенімен, өзімді жауынгер сезін...
23.09.2026
11:08
Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі тағайындалды
23.09.2026
10:50
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесі...
23.09.2026
10:28
Конституциялық сотқа 10 судья тағайындалды