«Басымнан тәж көргенімен, өзімді жауынгер сезінемін»: Жұлдыз Әбдікәрімова ашық жазба жариялады

23.09.2026 11:14 Мөлдір ҚАЙНАР
«Басымнан тәж көргенімен, өзімді жауынгер сезінемін»: Жұлдыз Әбдікәрімова ашық жазба жариялады
192
Фото: әлеуметтік желі

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірлік ұстанымы мен жақындарын қорғаудағы қатал талабы туралы ой бөлісіп, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі сырт көзге ерке, бақытты көрінгенімен, іштей үнемі күреске дайын жүретін жауынгер сезінетінін жеткізді.

«Мен біреуге аққу, енді біреуге қарға болып көрінуім мүмкін. Ол маңызды емес. Көпшілік менің маңдайымнан бақ, басымнан тәж көргенімен, өзімді іштей жауынгер сезінемін. Менің ұстанымымда отбасым, балаларым, жақындарым, командам менің қамқорлығымда болғаны үшін жауаптымын. Иә, талабым қатал. Бірақ айналамдағы адамдарды ешкімге ренжіткізе алмаймын. Жақын деп тапқан қарым-қатынасымды құпия немесе жария ұстау да өз еркімде. Ал егер арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте кесемін», – деп жазды ол.

Актрисаның бұл күтпеген мәлімдемесі желіде қызу талқыланды. Оқырмандардың бір бөлігі «Сізге біреу тиісті ме?» деп алаңдаушылық білдірсе, енді бірі оның қайсар мінезіне тәнті болып: «Шынында да мықты жауынгер әйелсіз», «Балаларыңыз – ең үлкен байлығыңыз, сізге күш-қуат берсін» деген пікірлермен қолдау көрсетті.

Войдите, чтобы оставить комментарий