«Армандарымның көбі орындалды»: Ерке Есмахан Мальдивтегі отбасылық өмірін көрсетті
Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан Мальдив аралдарындағы демалысынан отбасымен түскен әсерлі кадрларды әлеуметтік желіде жариялап, оқырмандарын елжіретті, деп хабарлайды Politico.kz
27 қаңтар күні өнер иесі Instagram парақшасында жолдасы Раймбек Бақтыгереев және екі ұлымен бірге түскен суреттерін бөлісті. Кадрларда әнші теңіз жағасында балаларымен еркелеп, шуақты сәттерін өткізіп жатыр.
Жазбасында Ерке жүрекжарды ойымен бөлісіп, шүкіршілік етті:
«Армандарымның басым бөлігі орындалды, шүкір. Құшағымдағы екі ұлым, жүрегімнің төріндегі Муслимім – ең қымбат байлығым. Қалған армандарымның жүзеге асуы үшін сен аман бол, сүйіктім Райым. Мұхит жағасында бала-шағаңмен ақ құмды кешіп, күліп-ойнап жүру бақыты әр отбасына бұйырсын», – деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының басым бөлігі жұлдызды отбасыға ақ тілегін жаудырып, бақыт пен амандық тіледі. Дегенмен кейбір оқырмандар Еркені «тым жиі мақтанады» деп сынға алғанын да жасырмады
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...