Арқалықта су айдынынан бойжеткеннің мәйіті табылды
1222
Арқалықтағы су айдындарының бірінен бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Су айдынынан зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған қыздың мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Сондай-ақ полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
08:56
Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды (ВИДЕО)
15.10.2026
08:36
Атбасарда бостандыққа шығуына 20 күн қалған қаз...
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...