«Мынаны жол деп қалай қабылдаймыз?» Талдықорғандағы жол жөндеу жұмыстары жұрттың ашуын келтірді (ВИДЕО)

12.08.2026 20:20 Қарақат АСЫЛОВА
«Мынаны жол деп қалай қабылдаймыз?» Талдықорғандағы жол жөндеу жұмыстары жұрттың ашуын келтірді (ВИДЕО)
260
Видеодан кадр

Талдықорғанда тұрғындар жол сапасына шағымданды, деп хабарлайды Politico.kz.

Талдықорған қаласында соңғы уақытта жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу жұмыстары қарқын алған. Алайда қала сыртындағы кейбір учаскелердің сапасына қатысты тұрғындар наразылық білдіруде.

Әлеуметтік желіде Талдықорғанның 3-бөлімшесі аумағында түсірілген видео тарады. Бұл учаске Алматы жақтан қалаға кіреберіс бағытта орналасқан.

Кадрларда жаңадан төселген асфальттың құмды-құмтасты негіздің үстіне салынғаны байқалады. Тұрғындардың айтуынша, жабынның кей бөліктерін арнайы техникасыз-ақ қарапайым күрекпен көтеруге болған.

Жағдайға алаңдаған жергілікті тұрғындар видео түсіріп, тиісті органдардың назарын аударған. Осыдан кейін жол жөндеу жұмыстарына жауапты мамандар аталған учаскеге қайта келіп, анықталған кемшіліктерді түзетуге кіріскен.

Тұрғындар жолдың басқа бөліктерінің сапасына да тексеру жүргізілуі қажет деп санайды. Өйткені ақау дәл осы жерде азаматтардың бақылауы мен жариялаған видеосы арқылы анықталған.

Қазір аталған жол учаскесіндегі жөндеу жұмыстары қайта қаралып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий